Жақсы адамдарым

Өнер жұлдыздары, олардың өмір жолы, сүйікті әндер, әзіл-қалжың – бұл жобаның да өзегі болмақ. Өнердің өз өкілдеріне айналған танымал жұп Қыдырәлі мен Қарақат жүргізетін "Жақсы адамдарым" бағдарламасында отандық мәдениет саласының майталмандары бас қосады. Ерекше талантымен көрермен жүрегін жаулаған ең танымал, ең үздік жандар қатысатын жобада ән де, би де, сырлы сұхбат та, тосын сый да бар.