Шетелдегі қазақ балалары

Бұл жоба – халықаралық бала асырап алу туралыкөп сериялы деректі фильм. Бағдарламада шетелдік отбасылар асырап алған қазақ балаларының тағдыры баяндалады. Шет мемлекеттерге кеткен балалармен танысып, уақыт өте келе олардың дүниетанымы қалайша өзгеретіні, тамырының, тілінің, туған жерінің тартылыс күшінің қаншалықты мықты екенін білеміз. Жобаның мақсаты – Қазақстанда бала асырап алу мәдениетін қалыптастыру, еліміздің болашағына ықпал ететін рухани және отбасылық құндылықтарды насихаттау. Осы бағдарлама арқылы сыртқа ағылған қазақстандық жетімбалалар мен Қазақстан арасындағы байланысты орнату, туған елден жыраққакеткенбүлдіршіндермен қарым-қатынасты жоғалтпау көзделген. . Отан туралы олар не біледі? Елмен оларды не байланыстырады? Өз тарихын, түп-тамырын түсіну жасөспірімге неге қажет? Бағдарламаның екінші маусымын түсіру үшін шығармашылық топ АҚШ-тың он үш штатына барып, алғаш рет осы алып елдеКалифорнияданбастап, Нью-Йоркке дейін ауқымды түсірілім жүргізді. «Шетелдегі қазақ балалары» қандай оқиғаларға куә болғанынан бағдарламада тарқатып айтамыз.