Ана болғым келеді

Әрбір әйел – ана бақытын сезінуге лайықты. Бірақ тағдырдың жазуымен бұл бақытқа жете алмай жүрген жандар бар. «Ана болғым келеді» жобасы сәбидің шат күлкісін аңсап жүрген отбасыларға қолдау көрсетіп, олардың ата-ана атануына себепші болады деген үміттеміз. Жобаға аясында жасы 45-тен аспаған, тұрмыс құрған, бірақ бала сүю бақытына бөленбеген және «Аңсаған сәби» квотасына ілікпеген 6 келіншекке көмек көрсетіледі. Жобаның басты ерекшелігі – әр сәтті эфирден көрсету, барлық ақпаратты реалити форматында көрерменмен бөлісу, мотивация сыйлау.Бағдарламада жүктіліктің алғашқы кезеңі, қиындығы мен қуанышы көрсетіледі. Яғни, екі айлық мерзім, үш айлық мезім бойынша кезең-кезеңімен әр бөлімде алты кейіпкерлердің өмірі деректі және реалити жанрында эфирге шығып отырады.